Есенов университетінде «Зерттеуден - индустрияға» атты САЙНС УИК - 2026 ғылыми апталығы өтіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты - ғылыми зерттеулер нәтижелерін насихаттау, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ ғылыми жетістіктерді тәжірибеге енгізуге бағытталған жобаларды таныстыру.