Сан түрлі мамандықтың қыр-сырын танытып, еңбек адамдарының тыныс-тіршілігін көрерменге жақындатуды мақсат еткен «Еңбегімен елеулі» бағдарламасы өз жалғасын табуда. Бұл жолы түсірілім тобы өңірдегі мұнай өндірісіне қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеп, өндірістің үздіксіз жүруіне үлес қосып жүрген білікті шебердің еңбегіне назар аударды.