Егеменді ел болғанымызға- 25 жыл. Тәуелсіздіктің арайлап атқан таңын көру - әр қазаққа бұйырды. Тәй-тәй басқан Тәуелсіз мемлекетімізширек ғасыр ішінде - аяғын нықтады, еңсесін тіктеді. Бірілігі мен ынтымағы жарасқан дәулетті елге айналды. Тар жол тайғақ кешіп, тарихи кезеңдерді бастан өткерген азат елдің ұлы мерекесімен шаһар басшысы Елубай Әбілов қала халқын құттықтады.

Елубай Әбілов - Жаңаөзен қаласының әкімі

Сондай-ақ, қаланың дамуына елеулі үлес қосқан ардагер мұнайшы, ұстаздар, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл төсбелгісімен, Құрмет Грамотасымен,қала әкімінің алғысымен марапатталды.

Жиынға арнайы келген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Төлеген Османқұлов, денсаулық сақтау саласының жетістіктері мен ұлт денсаулығын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын баяндады. Бірқатар азаматты мерекелік төсбелгімен марапаттады.Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов, мерекелік құттықтауын жеткізіп, аймақтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін тігінші, құрылысшы, коммуналшы қызметкерлерге алғысын табыстады.

Әнуар Шөжеғұлов - МО әкімнің орынбасары

Салтанатты жиын соңы «Мұнайшы» мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Қала әкімі Елубай Әбілов  ел дамуына өзіндік үлес қосып жүрген азамттарды арнайы  қабылдады.  Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары Жаңбырбай Дәрменов пен Досай Таңатаровты Тәуелсіздіктің  25 жылдық төсбелгісімен марапаттады.Жиынға қатысқандарды  шаһар басшысы төл мерекемен құттықтап, қаланың әлеуметтік дамуына қысқаша тоқталып өтті.

Елубай Әбілов - Жаңаөзен қаласының әкімі

Мерекеге орай, Теңге ауылының әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосқандар марапатталды. «АтаМұра» мәдениет үйінде өткен салтанатты жиын барысында ауыл әкімі Үбін Максимов, тұрғындарды мерекемен құттықтап, бірақтар азаматтарға алғыс хат табыстады.

Үбін Максимов - Теңге ауылының әкімі 

Дәмелі Бекмағанбетова - Рахат ауылының тұрғыны

Тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында мұнайшылар марапатталды.Тәуелсіз елдің экономикасының артып, жағдайының жақсаруында мұнай -газ кәсіпшілігінің алар орны ерекше. «ӨзенМұнайГаз» АҚ -ы да тонналап мұнай өндіріп, ел әлеуетінің дамуына айрықша үлес қосып келеді. Сондықтан, кәсіпорын басшысы Дәулетжан Хасанов, ұжымды мерейлі мерекемен құттықтады.

Дәулетжан Хасанов - "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры

Қара алтын игеруде янбай еңбек етіп, тер төгіп жүрген саланың бірқатар қызметкерлері Тәуелсіздік мерекесіне орай, марапатқа ие болды. Өзен кен орнының дамуына үлес қосқан біртқатар мұнайшыларға «Ескерткіш белгісі», «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен Еңбегі үшін» медалімен  пен сый-сияпат табыс етті.

Кәсіподақ комитеті де бірнеше жұмысшыны алғыс хатпен,сыйақымен марапаттады. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» Барлау-Өндіру» АҚ бас директоры мен Кәсіподақ комитетінің құттықтау хаты жолданған.

Салтанатты жиын барысында танымал әншілер жиылғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мұнайлы қаланың бірқатар дәрігерлері де  сый - құрметке бөленді.Егемендіктің 25 жылдығына орай орталық аурухананың он бес қызметкері «Ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталды. Айтулы құрметке бөленгеннің бірі - Алма Жүсіпова. 1997 жылы осы мекемеде кіші медициналық қызметкер болып жұмысын бастаған ол, қазір шарушылық медбикесі лауазымында.

Алма Жүсіпова - Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының медбикесі

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының директоры ерікті жастарды және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп директорларын марапаттады. Орталықта 77 ерікті жас тіркелген. Шара барысында солардың арасынан белсенді түрде қызмет көрсеткен қырықтан астам жас марапатталды. Оның он сегізі «Жас толқын» арнайы номинациясының иегері атанды. Бұл жастар түрлі тренингтермен квест ойындарына атсалысқандар. Жалпы осы ерікті жастардың өз күштерімен биылғы жылы 49 жиын және 37 қайырымдылық шаралары өткізілген. Жастар ресурстық орталығының директоры жергілікті телеарна тілшілері мен ұстаздарды марапаттады.

Жадыра Шалабаева - Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының директоры

Тәуелсіздік мерекесіне арналған мәдени іс шаралар мекемелер мен мәдени ошақтарда,білім ордаларында  да кеңінен аталып өтуде. Ұлы дала елі- Тәуелсіздіктің 25 негізі, 25 жұлдызды күн» акциясы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Елбасының «100 нақты қадам» -Ұлт жоспары, әр түрлі бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар - Тәуелсіздікті баянды ету жолындағы жасала беретін жұмыстар болмақ.