Бірлігі жарасқан ауыл. Маңғыстау өңіріндегі Құланды ауылының тұрғындары биыл өз күшімен 10 шақты тың жобаны жүзеге асырды. Оның ішінде ең маңызды, әрі халықтың тұрмысына қажет 2 бірдей құдық қазылды. Нәтижесінде бүкіл ауылдың төрт түлігі сумен қамтылды. Бастамашыл тұрғындар игі істерімен көрші ауыл-аймаққа үлгі болып отыр.