Өңірде 14 тұтынушының құқығы қорғалды. Нәтижесінде білім беру ұйымдары көрсетілмеген қызмет үшін 5,5 млн теңгені қайтаруға міндеттелді. Арызданушылар балаларын курсқа жаздырып, толық немесе ішінара төлем жасаған, алайда түрлі себеппен оқу тоқтатылған кезде ақшаларын қайтара алмаған.