Қазір Каспий теңізіне шомылып жатқандардың қарасы көп. Өңір тұрғындарынан бөлек өзге аймақтар мен шетелден ағылып жатқан қонақтар саны артқан. Көк айдынға қайықпен қыдыратындар да аз емес. Жағалауда катерлер мен скутердің түр-түрі бар.