Өңірде балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін аула клубтары қызу жұмыс істеп жатыр. Спорттық, шығармашылық бағыттағы үйірмелер Мұнайлы ауданында да бар. Онда 7-18 жас арасындағы оқушылар шахмат пен дойбы үйреніп, сурет салады. Хореография сабағына қатысып, тоғызқұмалақ ойнайды. Білім алушылар үйірмелерге тегін қатысады. Басты мақсат - әр баланың қызығушылығына қарай жаңа қырын ашып, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.