Ақтауда "Абысы-ажын" байқауы өтті. Ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыпымызды насихаттауға бағытталған сайыста 50-ден астам келін бақ сынады. Байқау шарты бойынша, бір әулеттің бірнеше келіні қатысуы керек. Этнография, қолөнер және шығармашылық тақырыптары бойынша өнерлерін ортаға салған келіндердің сахнадағы жүріс тұрысы, іс қимылына да қазылар алқасы баға берді.