Солтүстігінде Атыраудың Жылыойы, шығысында Ақтөбе облысының Байғанин ауданы, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан автономиялы республикасымен шектесіп, 50 жылда жаңарған ауданның бүгінде келбеті келісті.Тарихы терең, жылдар бойы тірлігі тоқтамаған киелі мекен жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. Бейнеу ауылының мәдениет үйінде  салтанатты шара ұйымдастырылды.