Маңғыстау ауданына қарасты Тиген және Тасмұрын ауылдарына көгілдір отын тартылды. Ауыл халқы көптен күткен игілікке қол жеткізіп, қуанышқа кенелді. Айтулы шараға ҚР Мәжілісінің депутаты мен облыс әкімінің орынбасары арнайы барып, тұрғындарды құттықтады.