Маңғыстауға мемлекеттік материалдық қордан 240 тонна азық-түлік пен 18 мыңнан астам төсек-орын жабдықтары жеткізілді. Бұл өңірге эвакуацияланған адамдарға бөлінеді. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев эвакопункттерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.