Бүгін алғаш рет бірлік күніне орай 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді. Көрсетілімнің басталуына тура 4 сағат қалды. Эфир 17:00-де басталып, 22:00-ге дейін жалғасады. Шараның онлайн трансляциясы телеарналардың ресми сайттарында, Facebook және YouTube платформасында жүргізіледі.