2027 жылы Қарақия ауданында жасыл сутегі өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Бүгін отандық және неміс ғалымдары бас қосқан "Аktau dialogue" халықаралық конференциясында жасыл сутегі өндірудегі әлемдік тәжірибе мен озық технологияларды талқылады. Сондай-ақ, энергетика саласын тұрақты дамытудың инновациялық тәсілдері жөнінде пікір алмасты.