Өңірдегі жалғыз палеонтолог ғалым Қосарбай Қожахметов 70-ке толды. Мұнай өндірісіне байланысты Арал-Каспий аймағындағы шөгінділердің картасын жасаған ғалымның құрметіне "жаһандық міндеттер мен ғылыми бастамалар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Жиынға ғалымның барлық шәкіреттері келді.