Биыл өңір жастарына мүмкіндік мол. Атап айтсақ, «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасы жалғасады. Жоба арқылы 80-нен астам адам баспаналы бола алады. Ол үшін жергілікті бюджет пен "Отбасы банктен" жалпы 1 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, NEET санатындағы жастарға арналған әлеуметтік жобалар саны артты. «Жасыл ел» еңбек жасағына қатысушылардың да саны көбейді.