Ақтауда қала күніне орай 50-ге жуық азамат марапатталды. Салтанатты жиында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан жандардың мерейі өсті. Олардың қатарында қарапайым жұмысшылар, су тасқыны кезінде эвакуациялық пунктте қызмет атқарған еріктілер мен «Ақтау қаласының құрметті азаматы» атағына ие болғандар бар.