Биыл өңірде АИТВ-инфекциясын жұқтырған 4 адам көз жұмды. Ал 140 мың тексерістен өтіп, 57 тұрғыннан жұқпалы ауру анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9 жағдайға аз. Қазіргі уақытта 446 адам есепте тұр. 438-і ауруға қарсы ем алса, қалғаны емделуден бас тартқан.