Мұнайшы ауылында салынып жатқан қуаты 50 МВт «Сарқылмас Қуат» жел электр станциясы 2025 жылдың ақпан айында іске қосылады. 45,5 гектар аумақты қамтитын жобада 6,25 МВт қуат беретін 8 жел генераторы орнатылған. Қарақия ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрдәулет Қиылбай құрылыс барысымен танысты.