Ақтауда 5 адамнан қатерлі ісік анықталды. Бұл облыстық онкологиялық диспансердің "Ашық есік" күні шарасынба белгілі болды. Осы күні дәрігерлер тексерісінен 140-ға жуық адам өткен. Олардың 21-нен қатерлі ісік алды сырқаты анықталса, 5-нен онкологиялық ауру шыққан. Ал, 7 тұрғынға өзге де диагноздар қойылған.