Мұнайлыда жыл басынан бері 44 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 28-і тұрғын үйде болған. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Ал қалғаны автокөліктерде тіркелген. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін, жылыту маусымы кезінде Төтенше жағдайлар депатаменті, жергілікті басқарушы орган өкілдері мен жауапты сала қызметкерлері ауданда рейдік шаралар жүргізіп, газ талдағыш датчиктерді орнатып шықты.