Биыл жеңіске - 80 жыл. Осыған орай Ақтауда "Ұлы жеңіске - мәңгілік тағзым" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Қазақстан халық партиясының өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауған соғысының ардагерлері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Мақсат - жер бетіне бейбіт өмір сыйлаған бабаларымыздың ерлігін насихаттау.