Ақтауда 28-шағын ауданда орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен әйел құлап кетті.Оқиға 16 наурыз күні, шамамен сағат 16:00-де болған.Төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған 34 жастағы жергілікті тұрғын бірнеше жарақат алып, қазір ауыр хәлде облыстық ауруханада жатыр.Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қатысты болжам әзірге көңіл көншітпейді.Облыстық полиция департаменті аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.Қазіргі уақытта оқиғаның өзге мән-жайлары жария етілмейді.