“Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Бейнеу аудандық филиалында, наурызнаманың онкүндігі аясында ұлттық киімдер көрмесі ұйымдастырылып жатыр. Көрмеде музей қорындағы ұлттық киімдер мен аудандағы қолөнер шеберлерінің туындылары көрсетілмек. Көрме ұйымдастырудың басты мақсаты - ұлттық киімдерді дәріптеу, кейінгі ұрпаққа ұлттық киімнің құндылығын насихаттау”. Көрмеге қанша киім қойылған, ең көне киім тарихы неше жыл тереңде жатыр екен? Бейнеудегі музейден тікелей байланысқа шығып тұрған тілшіміз тарқатады.