"Балаларымыз төлеген қаржымызға сай толық білім ала алмады" -Ақтаудағы "Ғасыр" лицейінде оқитын оқушылардың ата-аналары осылай деп шу шығарды. Олар оқу ақысын бір жылға төлеп қойған екен. Алайда лицейде бастапқыда жақсы білім бере бастаған мұғалімдер жұмыстан шығып, оқушылар ұстазссыз қалған. Нәтижесінде төленген қаржыға сай оқушылар оқытылмаған. Енді ата-аналар өтелмеген қаржымызды кейін қайтарсын деп отыр. Лицей құрылтайшысы "Бұл мәселені жақында естігенін бір аптада шешемін" - деп, жауабын қысқа қайырды. Толығырақ әріптесім Жасұлан Мұқан айтып берсін.