Ақтауда «Үздік кәсіпкер, ірі тұлға» жобасына қызу дайындық басталды. Шара 1-ші наурыз алғыс айту күнінде өткізіледі. Жоба өңірдегі өз кәсібін дөңгелетіп отырған іскер жандарға арналған. Манғыстау өңірінде халыққа пайдасын тигізіп жүрген танымал тұлғалар, оның ішінде өз бизнесін брендке айналдырған кәсіпкерлер арнайы төсбелгісі және алғыс хатпен марапатталады.