Бекзат Нұрдәулетов "Странджа" кубогының жеңімпазы. Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогында» 86 келіде бақ сынаған жерлесіміз чемпион атанды. Бекзат жарыс барысында алдымен Өзбек боксшысы Акмальжон Исроиловты бірінші раундта нокаудмен жеңді. Екінші ширек финалда француз боксшысынан басып түссе, жартылай финалда Израиль боксшысын еш қиындықсыз жеңді.