Өңірде ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан екі ардагердің ғана көзі тірі. Оның бірі Василий Салазкин биыл 98 жаста. Ал Ольга Заривняк 93-те. Василий Салазкин әскерге өз еркімен 18 жасында алынып, 1-Қиыр Шығыс майданында жапон басқыншыларымен жаяу әскер қатарында шайқасқан.