Білім сапасы бойынша өңірдің көрсеткіштері республикалық деңгейден төмен. Осыған байланысты 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту жөніндегі аймақтық жол картасы бекітілді. Қазір осы құжат аясында білім беру сапасын жақсарту, педагогтердің біліктілігін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарасы жүзеге асырылуда. Бұл аймақ басшысы, облыс прокуратурасының қатысуымен өткен жиында айтылды.