Өмірзақ ауылына қарасты Рауан елдімекенінің тұрғындары мектеп пен балалар ойын алаңы арасына салынып жатқан авто тұрақтың салынуына қарсы. Себебі ауыр техниканың балаларына қауіпті екеінін айтып, олардың өмірі үшін алаңдайды. Мәселесін әкімдікке айтқанымен нәтижесіз. Арнамызға арызданған ауылдық ағайын бүгін құрылыс басына жиналды.