Биыл Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне 50 жыл. Осыған орай 16 мамыр күні «Жарты ғасыр шежіресіне арналған музей түні және «Жарты ғасыр шежіресі» кітабының тұсаукесері өтеді. Шара аясында театраландырылған қойылымдар, өнерпаздардың орындауындағы ән-күй, экскурсиялар мен көрмелер, балаларға арналған бағдарламалар мен арнайы фотоаймақтар ұйымдастырылмақ. Билет құны: ересектерге - 200 теңге, студенттерге - 70 теңге, оқушыларға - 50 теңге.