Ақтауда 11 сынып оқушысына бір топ адам тисіп, пневматикалық тапаншамен оқ атқан. Салдарынан жасөспірімнің сол жақ көзі мүлдем көрмей қалды. Оқиға былтыр 30-шы желтоқсан күні, шамамен кешкі сағат 10-да болған. Аталған жағдайға байланысты сот отырысы әлі болмаған. Баланың ата-анасының айтуынша медициналық сараптаманың дайын болу уақыты өтіп кеткен.