Бейнеу ауданының Жаңаөзен қаласындағы мәдени күндері ұйымдастырылды. Мұндай шара мұнайлы шаһарда бірінші рет өтіп отыр. Екі өңірдің өнерпаздары арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында басталған мәдени күндерге алпыстан астам мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.