Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев маңғыстаулықтармен кездесті. Президент кеңесшісі облысқа жұмыс сапары аясында аймақтағы мәдениет, спорт және қоғамдық бірлестік өкілдерімен жүздесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сапар мақсаты - Президенттің саяси реформаларын жеткізіп, ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында қозғалған мәселелерді талқылау.