Ақтауда 10 жылдан бері сатып алған үйіне кіре алмай жүрген тұрғындар шу шығарды. Олар 2018 жылы бой кетере бастаған «Лепес» тұрғын үй кешенінің құрылысы әлі аяқталмады деп шағымдарын айтты. Ал серіктестік өкілдері осыдан үш жыл бұрын құрылысты аяқтаймыз деп уәде берген.