Аймақта мұнай-газ жабдықтарын шығаратын жаңа зауыт ашылды. Облыс әкімі «Kaz Munai Technology» ЖШС-нің мұнай-газ саласына арналған жаңа кәсіпорынның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Зауыт мұнай-газ және коммуналдық нысандарды жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 150 қашықтан басқарылатын станок-качалка, 500 басқару шкафы, 400 интеллектуалды басқару станциясы және 600 жиілікті түрлендіргіш өндіруге қауқарлы. Өндіріс орнында металл табақтарын лазерлік кесу мен майыстыруға арналған жоғары дәлдіктегі және антикоррозиялық жабындар жағуға арналған бояу желілері қолданылады.