Ақтаудағы оңалту орталығы жаңа медициналық құрылғылармен толықты. Германиялық апараттар тірек-қимылы бұзылған науқастардың оңалуы мен қалпына келуін жеделдетуге бағытталған. Мамандардың айтуынша, заманауи технологиялардың көмегімен емдеу сапасы арта түспек.