Жаңаөзен қаласындағы №17 мектептің ұстаздар ұжымы директорларына наразылықтарын білдіруде. Жалпы жетпістен астам адам басшының педагогтық этикаға жатпайтын қылығына ашынып, шағым айтып жүргеніне үш-төрт айдың жүзі болған. Жаңа директор қыркүйек айында қызметіне кіріскен екен.