Жыл басынан бері облыста балалардың қатысуымен бір өрт оқиғасы тіркелген. Мектепте болған оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ оқушылар өрт пен судан келетін қауіпке әзір болуы керек. Төтенше жағдайға тап болса, қалай әрекет ету керек? Бүгін өңір құтқарушылары балаларға түсіндіру жұмысын жүргізіп, өрт сөндіру техникаларымен таныстырды.