Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ”30 игі іс” акциясы өтуде. Акция аясындағы кезекті шара “Арнайы автокөліктерге жол бер!” деген атаумен ұйымдастырылды. Жаңаөзен қалалық ТЖ бөлімі мен ПБ қызметкерлері бірлесіп, көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.