Ақын шығармашылығы насихатталды 08.10.2025 18:11 Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Адайдың 65 жасқа толуына орай "Әр қазақ - менің жалғызым" атты әдеби кеш өтті. Облыстық кітапханада ұйымдастырылған шараға өлкенің зиялы қауым өкілдері мен жастар жиналды.