Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында Әскери-теңіз күштерінің 29/011 әскери бөлімінен шақырылған сарбаздардың алғашқы жауынгерлік даярлығының негізгі кезеңдерінің бірі өтті. Жас матростар қызмет барысында алғаш рет АК-74 автоматынан оқ атуды үйренді. Кадрларды даярлау бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіледі және негізгі әскери пәндерді қамтиды.