Медициналық қызмет көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары басталды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойды.