Маңғыстау ауданында инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Жұмысын бастаған орталық - «Балалар инклюзивті академиясы» қоғамдық бірлестігінің филиалы. Орталықта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ортаға тез бейімделіп, қалыптасуына жағдай жасалған.