Ақтауда облыстық мүгедектер спорт клубы өз тәрбиеленушілері үшін жаңажылдық шырша ұйымдастырды. Мереке балалар мен ересектерді бір арнаға тоғыстырып, қатысушыларға Жаңа жылды атап өтіп қана қоймай, спорттағы жетістіктерін де көрсетуге мүмкіндік берді.