Мұнайлы ауданында жылдағы әдеттен жаңылмай, дәстүрлі түрде аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды. Мерекелік шараға 90-ға жуық әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балалары, оқу озаттары, өнерлі жас өрендер мен ерекше балалар қатысты.