Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару жұмысы жалғаса береді. Президент Түркістан газетіне берген сұхбатында бұл жұмыс құзырлы органдардың күнделікті қызметінің бір бағытына айналғанын айтты.Қаңтар оқиғасынан кейін Бас прокуратураның жанынан арнайы комитет құрылған.Қазір ол инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі құрылым болып өзгерді.Мемлекет басшысының сөзінше, енді бұл шаруаны бір орталықтан үйлестіріп жүргізудің қажеті жоқ.Сондықтан, инвесторлардың құқығын қорғауға баса мән беретін кез келді.