Баянды ауылының іргесіндегі тұрмыстық қалдықтар полигонының жұмыс мерзімі қысқарып қалуы мүмкін. Өйткені 9 жыл бұрын ашылған полигон алаңының 50 пайызы қоқысқа толып қалған. Бұл мәселені шешу жолын зерделеу үшін аймаққа Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы Еділ Жанбыршин келді.