Маңғыстау өңіріндегі туристік аймақтың бірі Бозжыра шатқалына баратын тақтайдай тас жол салынып жатыр. Оған 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның 700 млн теңгеге жуығы жергілікті бюджеттен бөлінсе, қалған сомма республикалық қордан қарастырылған. Жаңа жолдың ұзындығы 13 шақырымды құрайды. Жол толығымен осы жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланған.