Ақтауда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын заңсыз сақтау және өсіру дерегі анықталды. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі мен «Бүркіт» арнайы жасағының қызметкерлері 7 қаңтар күні күдікті адамы тоқтатты. Жеке тінту барысында марихуанаға ұқсас зат тәркіленді.