Жеке деректерді таратқандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин осылай деді. Ол цифрлық қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға айыппұл көлемін бірнеше есе арттырып, 5 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 18 миллион теңгеге дейін жеткізуді ұсынды.